Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баптай білсең, балық та – байлық

0 1  609

Облысымызда балық шаруашылығын шалқыту үшін өңірлік «2021-2030» бағдарламасы әзірленген болатын. Соған байланысты аймақта 2025 жылы тауарлы балық аулау көлемін 3000 тоннаға, 2030 жылы 8000 тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

2021 жылы 105,9 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланып, жыл қорытындысымен бұл 383 тоннаға жеткен. Сондай-ақ ағымдағы жылдың жоспары бойынша форель жане тұқы тұқымдас 464,3 тонна балық өндіру жоспарда тұр екен.
Әрине, бұл өндірісті дамыту үшін кәсіпкерлерді қолдау аса маңызды. Осы мақсатта 59 миллион теңге субсидия да қарастырылған. Мұны дамытудың тағы бір ұтымды жолы – инвестор тарту. Бүгінде Жамбылда жалпы қуаттылығы жылына 1878 тонна өндіретін 18 инвестор балық шаруашылығын жүргізу үшін құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Олар Қордай, Шу, Мойынқұм, Жамбыл және Байзақ аудандары арқылы өтетін Шу, Талас өзенінің бойынан жасанды балық өсіру тоғанын жасауға жарамды 18 жер учаскесінен жалпы инвестиция құны 2,2 миллиард теңге бөлген. Қазіргі таңда облыс аумағында 142 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі орналасқан. Оның ішінде 79 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны 70 табиғат пайдаланушысына бекітіліп берілген. Ал қалған 63 балық шаруашылығы су айдыны әзірге бос тұр. Сондай-ақ 2022 жылдың 1-тоқсанында облыс аумағында кәсіпшілік балық аулау мақсатында Балқаш көлінің 5 учаскесі және акваөсіруге жарамды 1 балық шаруашылығы тауарлы балық шаруашылығын жүргізу үшін аукцион арқылы бекітіліп берілген. Тағы бір айта кетерлігі, Тараз қаласы және облыс тұрғындары үшін заң шеңберінде кәсіпқой және әуесқой балық аулауға рұқсат, тіпті 1 жылға квота да беріледі. Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 1 шілдесі аралығында бөлінген квота 2075,9 тоннаны құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,8 есе өскенін аңғаруға болады.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.