Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа қаулы: 5 қаңтардан бастап қандай шектеулер енгізіледі?

0 611

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасы бойынша жаңа қаулысында нысандардың жұмысына қатысты тиісті режим белгіленді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаулы бойынша, жұмыс және демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік нысандары), караокеге кіруге қауіпсіз «жасыл» статусы (вакцинация, сынама алынған күннен бері 7 тәулік өтпеген ПТР-тестінің теріс нәтижесі, тұрақты медициналық себебі бар, соңғы 3 ай ішінде коронавируспен ауырып тұрған адамдар) бар қызметкерлер мен келушілерге ғана жұмыс режиміне шектеусіз рұқсат беріледі.

– «қызыл» және «қоңыр қызыл» аймақтарда орналасқан өңірлерде – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;

– «сары» аймақтағы орналасқан өңірлерде – сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін;

– «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде – сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05.00-ге дейін белгілеуді қамтамасыз ету бекітілген.

 

Қаулы 2022 жылдың 5 қаңтарнан бастап күшіне енеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.