Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жәрмеңкеде жылы жұмсақтың бәрі бар

0 335

Бүгін Орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қазақстан және Қырғыз Республикалары арасындағы сауда-ынтымақтастық аясында өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Талас облысындағы Манас, Талас, Айтматов аудандары тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.
Жалпы көлемі 20,4 тоннаны құрайтын тауарлардың ішінде сүт өнімдері, алма, картоп, сарымсақ, қызанақ, тәтті бұрыш, жұмыртқа, балық, бал және 615 дана тал мен жеміс ағаштары, 70 түп гүл түрлері бар.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков Талас облысынан келген қадірлі қонақтармен бірге жәрмеңкені аралап, тауар сатушылармен тілдесті.
Сондай-ақ Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Т.Рысқұлов, Меркі аудандары мен Тараз қаласының шаруалары де өз өнімдерін төмен бағада ұсынуда.

Сонымен қатар жәрмеңке барысында Талас облысының өнерпаздары өздерінің арнайы дайындаған мәдени-көпшілік іс-шарасын жұртшылық назарына ұсынуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.