Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүрекке жасалған тегін ота

0 532

Тараз қаласында кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының құрылғанына 15 жыл және белгілі кеңестік және ресейлік кардиохирург В.И.Бураковскийдің туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық мерейтойлық конференция өтті.

Конференцияның ашылу салтанатына келген облыс әкімінің орынбасары Н.С. Календеров Қазақстаннан және шет мемлекеттерінен жиналған кардиохирургия тарландарына аймақ халқының денсаулығын арттыру бағытына үлес қоспақшы ниеттеріне алғысын айтып, сәттілік тіледі. Жүрек қақпақшасына имплант қою бойынша дамыған шет елдік тәжірибені облыстық кардиохирургия бағытына енгізу бойынша Минск қаласы (Беларусь) Республикалық ғылыми практикалық балалар хирургиясы орталығының меңгерушісі Юрий Линниктің және Түркия, Индия мамандарының пікірі тыңдалды. Конференция барысында пленарлық мәжілістер ретінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша шеберлік сыныптары өтті. Туылғанына 5 ай болған нәрестенің жүрегі өздігінен жұмыс істей алмағандықтан, дем алысы қиындап, ауа жетпей, жағдайы күннен-күнге әлсірей берген. Себебі, сәби іштен жүрек қақпақшалары дұрыс қалыптаспағандықтан, күрделі жүрек ақауымен туылған. Шет елдік кардиохирургия саласының білікті мамандарының қолымен жасалған ота барысы өңірлік мамандарға тікелей трансляция арқылы көрсетіліп, түсіндіріліп жасалды. Тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында жасалған оталар Түркістан қаласындағы орталықтың (Cardio Turkestan) филиалында жалғаспақшы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.