Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жүрек, бауыр, өкпесіз қалай қалғандарыңды сезбей қаласыңдар»: Қытайда мыңдаған адамды ағзасын алу үшін «тапсырысқа өлтіреді»

0 893

Жақында ғана пайда болып, танымалдылыққа ие болған Netflix-тің “Кальмар ойыны” туындысы 90 елде көрермен көңілін жаулады. Азиалықтардың туындысы ойдан шығарылған болса да, заманауи өмірдің кей ащы тұстарын көрсетті, ал телехикаядағы адамдардың ағзасын алып сататын үзіндіге келсек, бұл расымен де реалды өмірдің көрінісі, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Қытай Коммунистік партиясы жыл сайын 100 000 диссидент пен саяси тұтқынның жүрегін, бүйрегін, бауырын және қабағын алып тастайды, ал Үкімет ұйымдастырған «тапсырыс бойынша өлтіру» сауда желісі кең етек алған, дейді Адам құқықтары жөніндегі қауымдастықтар.

Бірақ халықаралық қауымдастық “адам қыру” процесін тоқтата алар емес, өйткені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тоталитарлық елдің дұрыс емес аурухана деректерін қабылдауға мәжбүр.

Netflix туындысының шығуынан бір апта бұрын Пекин мемлекеттен қаржыландырылатын адам органдарын алумен айналысатын бағдарлама барын жоққа шығарған. Бұған дейін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі Қытай «этникалық, тілдік немесе діни азшыл топтарға бағытталған» екенін және жылына миллиард доллар табатынын мәлімдеген.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің тоғыз арнайы баяндамашысы бір жылдан астам уақыт бойы куәгерлердің айғақтарын жинауға жұмсаған. Қытайдағы ағза донорларының саны өте көп және бұл күдік ұялатады. Осы арқылы БҰҰ “тапсырысқа  өлтіру” нарығының жұмысын әшкерелемек болған.

«Бүгін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі сарапшылары Қытайда қамауда отырған Фалунгун, ұйғырлар, тибеттіктер, мұсылмандар мен христиандардың өкілдерінің  «ағзаларды алуы» туралы мәліметтерге байланысты қатты алаңдаулы деп мәлімдеді», – делінген хабарламада.

Олар ұсталғандар туралы сенімді ақпарат алған. Мәліметтерге сүйенсек, қамауда отырғандардан ультрадыбыстық зерттеу, қан анализі және рентген сияқты тексерістер мәжбүрлі түрде алынады. Ал басқа тұтқындардың мұндай тексеруден өтуі міндетті емес.

«Зерттеу нәтижелері тірі ағзалардың деректер базасында тіркеледі, осылайша бұл органдардың табылуын жеңілдетеді.

Мәлімдемелерге сәйкес, тұтқындардан алынатын ең жиі алынатын органдар: жүрек, бүйрек, бауыр, қабақ, ал кейде бауырдың бөліктері, делінген.

Сондай-ақ, адам саудасы тікелей білікті хирург, анестезиолог және басқа да медициналық мамандарды қоса алғанда, өз пациенттерін қорғауға ант берген қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік сектордың әртүрлі мамандарының қатысуына байланысты екендігі айтылған.

Қытайдағы органдарды трансплантациялау жүйесінің тағы бір алаңдатар белгісі адамдар белгілі бір уақытқа келісіп ағзаға тапсырыс бере алады.

Көптеген адамға трансплантация жасау үшін бірнеше жыл қажет болуы мүмкін, өйткені науқастың қайтыс болған адаммен қан тобы және ағза көлемі бірдей болуы керек.

Қытайдың ондаған жыл бойы қаржыландырып келе жатқан ағза саудасын дәлелдейтін құжаттар бар, алайда халықаралық қауымдастық бұл жантүршігерлік сауданы тоқтатуда қолынан келер дүние аз.

Қытайдағы трансплантологтарды теріс мақсатта пайдаланумен күрес жөніндегі халықаралық коалицияның атқарушы директоры Сьюзи Хьюздің айтуынша, Қытайдың бір жылда 10 000-нан 20 000-ға дейін ағза алмастыру отасы жасалады деген мәлімдемесі сәйкес келмейді. Оның пікірінше, бұл цифр 60 000-нан 100 000 аралығында болуы тиіс.

Екі жылдан астам уақыт қамауда отырған Фалунгун өкілі Джинато Лю Сараптамалық комиссияға мынадай деректер келтірген.

«Мені сегіз нашақормен бірге камерада ұстады, олар әдетте Фалунгунды ұстанатын адамдарды қорлайты. Бір күні нашақор мені арқамнан және белімнен ұрды, сонда басқа біреуі сырттан келіп: «Оның мүшелеріне зақым келтірмеңдер!» деді.

Алты жыл түрмеде отырған Фалунгунның тағы бір өкілі Ю.Синхуэй түрмедегі дәрігерлердің бірі өзіне былай дегенін айтқан:

“Коммунистік партияға қарсы келмеңдер. Оларды қарсыласпаңдар. Қалай өлгендеріңді білмей қаласыңдар. Жүрек, бауыр, өкпесіз қалай қалғандарыңды сезбей қаласыңдар, – деген екен.

Қытай үкіметі өз кезегінде куәгерлердің айғақтарын жалған деп таныған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.