Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өзгерістер бізден басталады!

0 484

№16 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат

Жетібаев Серік Дүйсенәліұлы

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні баршаңызға мәлім. Бұл саяси науқанның маңызы өте зор. Өйткені осы арқылы еліміздің алдағы бағыт-бағдары айқындалмақ. Осы сайлауда «Amanat» партиясы да халықтың сеніміне ие болуға үмітті. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын құрылған партия билік пен қоғамның арасына алтын көпір орнатып, жаңару мен жасампаздықтың ұйытқысы болып келеді. Бүгінде атауы ауысса да, партияның мақсат-міндеті еш өзгерген емес. Партия қолға алған жарқын жобалар көне шаһарымызда жемісін беріп, халықты қуанышқа кенелтуде. Сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, ардагерлерге барлық жағынан қолдау көрсетіп, ризашылықтарына бөленуде. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша да партияның арнайы тұжырымдамасы әзірленіп, сол бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ партия ерекше екпін түсіріп отырған басым бағыттардың бірі – медициналық қызметтің сапасын жақсарту бойынша стратегияны іске асыру.
Партияның бағдарламасы уақыт талабына сай үнемі жетілдіріліп тұрады. Жас буын мамандар да партия жұмысына белсене араласып, ел дамуына өз үндерін қосуда. Партия мүшелерінің бай тәжірибесі мен қабілеті елімізде жасалып жатқан реформаларды одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Партияның бұған дейін сайланған депутаттары халықтың сеніміне еш селкеу түсірген емес. Бүгінгі үміткерлердің де басты мақсаты – сайлаушылардың сенімін ақтап, сара жолды жалғастыру. Сондықтан олардың барлығы осы бағытта жұмыс жүргізетін болады. Қаламыздағы түйткілді мәселелердің түйіні осы халық қалаулыларының арқасында тарқап келеді. Әлі де шаһарда шешімін күткен мәселелер аз емес. Сондықтан жауапкершілік жүгін артып, сенімнің үдесінен шығу кімге болса да айтарлықтай сын болары белгілі. Биылғы сайлаудың ерекшелігі – бір мандаттық, яғни мажоритарлық жүйенің енгізілуі. Соны пайдаланып, мен де Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына өз үміткерлігімді ұсындым.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы

Егер мен халықтың қолдауына ие болып, депутат болсам:
– «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы жобасында көрсетілген міндеттерді орындаймын;
– №16 округ тұрғындарының арыз-шағымдары мен ұсыныс-тілектеріне назар аударамын;
– Тұрғын үй, инженерлік желілердің тозуы, газ тарту мәселелерін көтеремін;
– №16 округ тұрғындарының жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алу кезегінде тұрғандарға көмектесемін;
– Қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етемін;
– Өз округімдегі тұрғындардың денсаулығын нығайту мақсатындағы профилактикалық іс-шараларды күшейтуге күш саламын;
– Ана мен бала денсаулығын сақтауға және арттыруға тырысамын;
– Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін боламын.
Қадірменді сайлаушылар!
Жоғарыда айтқанымдай, көне шаһар Таразда әлі де өзекті мәселелер баршылық. Ал олардың барлығы мәслихат мінберінде көтерілуі тиіс. Сондықтан баршаңызды 2023 жылы 19 наурызда өз сайлау учаскеңізге келіп, лайықты үміткерді таңдауға шақырамын!
Өзгерістер бізден басталады!

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

Став депутатом Таразского городского совета, я поддерживаю реализацию задач партии «AMANAT», которая выступает за социальную справедливость в обществе, поддерживает равные возможности для всех граждан, сохраняет интересы избирателей.
Как депутат я обещаю:
– выполнить задачи, указанные в проекте предвыборной программы партии «Аманат» на 2023-2027 годы;
– одним из основных аспектов предвыборной кампании партии «AMANAT» является стратегия по улучшению качества медицинских услуг, а также обеспечение доступности;
– обращать внимание на жалобы и предложения и пожелания жителей 16-го избирательного округа;
– поднять проблемы жилищного строительства, износа инженерных сетей, газоснабжения;
– помочь жителям 16-го избирательного округа, ожидающим земельные участки под ИЖС;
– обеспечить нужды граждан, ожидающих жилья в городе;
– приумножить и сохранить здоровье жителей моего района, усилить профилактические мероприятия (предупреждение болезни – профилактика болезни);
– обеспечить охрану здоровья и безопасность матери и ребенка
– постараюсь поднять вышеуказанные вопросы с наибольшим влиянием на повышение доступности медицинских и социальных услуг для малообеспеченных и многодетных семей.
Если вы мне доверяете, я, в свою очередь, буду способствовать решению проблем жителей и других проблем, упомянутых здесь исполнительной властью и государственными органами.

Уважаемые избиратели!

Я с Вами!
Я верю в своих избирателей!
от 16-го избирательного округа
депутат Таразского городского совета,
кандидат, член партии «AMANAT»
Жетибаев Серик Дуйсеналиевич!

 

Тапсырыс беруші: №16 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ЖЕТІБАЕВ С.Д.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.