Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады

0 325

Қазіргі уақытта зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша Мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ, яғни халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгінбей-ақ алуға болады.

Осылайша, «проактив» әдісі бойынша және «электрондық үкімет» порталы арқылы мынадай қызметтерді алуға болады: базалық зейнетақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы, бала тууға және балаға бір жарым жасқа дейін күтім жасауға арналған жәрдемақы, жерлеуге арналған жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапатталған көп балалы аналарға арналған жәрдемақы, төрт және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, МӘСҚ-дан арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер (жүктілік және босану бойынша, бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша, еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша).

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетудің проактивті әдісі, яғни азаматтардың өтінішін ұсынбай, қызметті проактивті тәсілмен ресімдеу ұсынысымен ұялы телефонға SMS – хабарлама арқылы.

  2. «Электрондық үкімет» порталы (eGov mobile) арқылы әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет. ЭЦҚ болған жағдайда жоғарыда көрсетілген қызметтерге өтініш беруге болады, Сұрақтар туындаған кезде 1414 қысқа телефонына қоңырау шалып, туындаған барлық сұрақтарға жауап алу қажет.

  3. Сондай-ақ «Каспий», «Халық банкі» екінші деңгейдегі банктер арқылы мынадай қызметтерді алуға болады: бала тууға және бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы

Мемлекеттік қызметтерді проактивті әдісімен, «электрондық үкімет» порталы (eGov mobile) арқылы және екінші деңгейдегі банктер арқылы алудың артықшылығы кезектің болмауы және үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта мемлекеттік қызметті ресімдеу мүмкіндігі болып табылады.

Тараз қалалық №4 Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.