Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өзбекстанда президент сайлауы өтуде

0 319

Өзбекстанда бүгін президент сайлауы өтуде. Сайлау учаскелері сағат 08.00-де ашылып, жергілікті уақыт бойынша 20.00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Үміткерлердің бірі Өзбекстандағы ең ірі партия ҰзЛиДеП ұсынған қазіргі президент 64 жастағы Шавкат Мирзиёев болды. Мирзиёев Өзбекстанның негізгі серіктестері – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ -пен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуді, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕЭО) бірігуді жақтаушысы.

Тағы екі кандидат – Экологиялық партия төрағасы 46 жастағы Нарзулло Обломурадов пен Өзбекстанның ең ескі Халықтық-демократиялық партиясы (ХДП) төрағасының орынбасары, 60 жастағы Мақсуда Варисова Ресеймен одақтастық байланыстар мен стратегиялық қарым-қатынастарды сақтауға және дамытуға шақырады.  «Адолат» партиясының басшысы 62 жастағы Бахром Абдухалимов ішкі саясаттың білім беру саласындағы реформалар мен тұрғындардың тұрғын үй мәселесі сынды проблемаларына тоқталды.

«Миллий Тикланиш» демократиялық партиясынан үміткер, оның төрағасы, 46 жастағы Әлішер Қадыров Өзбекстанның ЕЭО-мен ынтымақтастығын сынаумен және қоғамдағы ұлттық дәстүрлерді қорғайтынымен танымал. Ұлттық демократтардың жетекшісі ұлттық әдет-ғұрыптар мен құндылықтарды құрметтемейтіндер үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуді ұсынады.

Өзбекстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылар тізіміне 19,86 миллион адам енгізілген, 14 округтік сайлау комиссиясы және 10 760 сайлау учаскесі құрылды.

 Сайлау күні тұрғылықты жері бойынша дауыс бере алмайтын 420 мыңнан астам азамат 14-20 қазан аралығында мерзімінен бұрын сайлауға қатысқан.

Өзбек азаматтарының шетелде дауыс беру мүмкіндігі бар: 49 елде 55 стационарлық сайлау учаскелері мен 316 жылжымалы учаскелер ашылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.