Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өзбек музыкасының тарихы тереңде

0 1  106

«Тараз қаласы өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Өзбек музыкасының тарихы және өзбек этносының күні» мерекесін өткізді.

Өзбек ұлты Өзбекстан елінің негізгі халқы. Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда көп тұрады. Солтүстік Ауғанстанда, ҚХР-да, т.б. алыс шет елдерде де өмір сүреді. Қазақстанда 576 817 мыңға тарта өзбек тұрады. 81 өзбек мектептері жұмыс істейді. Тараз қаласында өзбек тілінде оқытатын №4 орта мектебі бар. Оның директоры Сейтхан Тотаев. Өзбек тілінде газет, журналдар шығарылады. Өзбек халқының өзіндік ерекшелікке толы музыкалық мәдениеті мен өнері бар. Музыкалық ырғағының өзіне тән ерекшелігі – көбіне ырғағы биге жақын болып келеді. Би ырғағына лайықталған әндер тобы «лапар», «ялла» деп аталады. Жеке ән орындау жанры болғанымен, әуенділігі, саздылығы ширақ, биге жақындау. Аспаптары: дойра, най, сато, рубаб, сурнай, гиджак. Олар бірнеше топтан тұрады:

  • ішекті-ыспалы – гиджак, сато, сетор;
  • ішекті-ұрмалы – чанг;
  • ішекті – дутар, танбур, уд, рубаб;
  • тілшікті – үрлемелі – сибизик, буламан, сурнай, кошнай, най;
  • ұрмалы – дойра, нагора, кошук, т.б.
    Бұл аспаптары би орындау кезінде әнсіз, тек аспаптық шығарма болып та орындала береді. Сурнай – үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Өзбек, тәжік және қарақалпақтарда кең таралған. Жеке орындауда пайдаланылады. Көп қолданылатын аспаптың бірі – дойра. Гиджак – ысып ойналатын ішекті аспап. Гиджактың сұлбасы дөңгелек тәрізді, ағаштан жасалады, қаңқасы бір-біріне жапсырылған бөлшектерден тұрады. Алдыңғы жағында теріден жасалған мембрана болады. Ішегі сымнан жасалады, дыбысы күңгірт, сықырлаған дауысты. Мереке соңында қоғамдық істе белсенділік танытқан тұлғалар алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды. Мерекеде өзбек халқының әндері мен шығармаларын «Бахт» фольклорлы-этнографика-лық ансамблі көпшілікке ұсынды, жетекшісі Абдурашид Балтаходжаев. Өзге ұлт өкілдері де әннен шашу шашып, құттықтаулар жолдады.

Абдурахман ЗАЙНУТДИНОВ ,
«Тараз қаласы өзбек орталығы»
қоғамдық бірлестігінің жетекшісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.