Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қыз өссе – елдiң көркi

0 693

«Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің» тапсырысы шеңберінде «Елу жылда-Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы институтын нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында Жамбыл медициналық колледж телестудиясында диолог өтті.

Студияға Тараз қалалық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері, көпбалалы ана, «Алтын алқа» төсбелгісінің иегерлері Ардақ Жантаева, Салтанат Кадирова, Ләззат Мейрманова қонақ ретінде шақырылды. Келер ұрпақтың тағдыры қыздың қолында, оның тәлімі мен тәрбиесінде. Ұлт тәрбиесі қыз тәрбиесінен бастау алатыны сияқты, ата-бабадан қалған «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi» дегендей көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасау. Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қыз баланың тәрбиесі анаға үлкен сын. Қыз баланы бойында асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен, не болмаса қызды қырық үйден тиюмен шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі-өнеге көрсетуде. Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер – деген сөз әр бойжеткенге ой беріп, репродуктивтік денсаулықты сақтауды білуі, ол дегеніміз дені сау, ойлау қабілеті дамыған, әлеуметтік дұрыс жағдайда өзіне ұқсас ұрпақ жалғастыра алу процесі. Репродуктивтік денсаулықтың бұзылуына бірнеше фактор әсер етеді. Соның ең негізгісі –жыныстық қатынасқа ерте жастан бару. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтылық, орынсыз тәуекелге жол беру өмірлік қауіп болып табылады. Бойжеткендер өзіне өмірлік жолдас, жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтықпен қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрегімен түйсінуі маңызды . Бұл тақырып аясында студия қонақтары кеңінен әңгіме өрбітіп, пікір алмасты.

Әсел НҰРЛЫБЕКОВА,
Жамбыл жоғары медициналық
колледжінің психологы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.