Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заманымда енді соғыс болмасын!

0 243

Жау жағадан алған сайын сайланды оқ,
Өтті уақыт, отты жылдар, айлар көп.
Тірісінде айтушы еді ақ әжем,
«Бұл жалғанның өзі – ұлы майдан» деп.

Адамзаттың тұрып бәрі тігінен,
Айырылды бірі ағадан, ініден.
Ана зары ащы екенін ұғынды ел,
Зәрені алған зеңбіректің үнінен.

Оққа оранды қалқан тектес зор кеуде,
Тіл бармады Отан бағын кем деуге.
Перзентінің зарын жұтып жатты ел,
Шаңыраққа қара қағаз келгенде.

Жау жеңіліп, жүрек маздап, оқ семді,
Заман бастан зор қасірет өткерді.
Бар бағындай ұмытпайды Отаным,
Зілі батпан Жеңіс жеткен көктемді.

Азат күнде жерге тамса сор жасым,
Бейбіт шақта адамзатқа ол да сын.
Барды жоқ қып, тауды жер қып тынатын,
Заманымда енді соғыс болмасын!

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.