Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынуда

0 299

Қаладағы кез келген нысан шаһар көркіне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Әсіресе заңсыз салынған құрылыстар, бейберекет орналастарылған дүңгіршектер шаһардың шырайын қашырады.

Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жер қатынастары бөлімдерінің бірлесуімен өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және заңсыз салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын.
Бүгінде жұмыс жоспарына сәйкес, мамандар қаладағы 89 дүңгіршекке зерделеу жүргізді. Нәтижесінде, 56 дүңгіршектің заңды орна-ласқандығы анықталды. Ал 23 дүңгіршек заң талаптарына сәйкес келмегендіктен алынды. Сондай-ақ 10 дүңгіршекті өз еркімен алып тастау туралы нысан иесіне ескерту берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.