Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заңсыз дүңгіршектерді жою жұмыстары жалғасуда

0 396
Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы «Жұмыс тобын құру бойынша» №4-ө өкіміне сәйкес, қала аумағында заңсыз орналасқан дүңгіршіктерді алып тастау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.
Бүгінде жұмыс тобы аумақтық округтерде 383 дүңгіршек бар екенін анықтады. Қазіргі таңда 59 дүңгіршек заңсыз қойылғаны белгілі болып, 18 дүңгіршек алынды.
Атап айтатын болсақ, №1 аумақтық округте – 1, №2 аумақтық округте – 7, №5 аумақтық округте – 1, №7 аумақтық округте – 1, №8 аумақтық округте – 2, №9 аумақтық округте – 2 және  №10 аумақтық округте 4 дүңгіршек жойылды.
Қала аумағында дүңгіршектерді ретімен орнатудың заңдылығы жөнінде түсінік жұмыстары әлі де жалғасады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.