Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылорда облысында шенеунік 50 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

0 298

Бас экологиялық инспектор-Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасары парамен ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Ол бұған дейін келісілген 100 миллион теңгеден 50 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Лауазым иесі ұсталып, Шымкент қаласы ІІД УҰИ қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кеше, 6 қыркүйекте оның алдында қызмет атқарған Бас экологиялық инспектор-Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Аптикаликов 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Үкімді Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы шығарған.

Ол биылғы ақпанда 30 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталған.

kaz.tengrinews

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.