Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызығушылығын кәсібіне айналдырған азамат

0 131

Жаны «қазақ» дейтін әрбір азамат жылқыға жақын келеді. Сәйкесінше, ол бала кезден жылқы жалын тартып мінеді. Жалпы біздің қазақта атқа міну мәдениеті о заманда қалыптасқан. Бұл пікірді 2018 жылдың қарашасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында сөз еткен еді. Ендеше сол сөздерге мұқият зер салып көрелік. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады» деген Елбасы әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы еш ұмытпау керектігін алға тартқан болатын. Айтыңыздаршы, қазақтың қасиетті бұл қылығын қалайша ұмытуға болады? Ұмыт қалдырсақ, ата-баба мұрасы мен аманатына сөзсіз «қиянат» жасайтынымыз хақ.

Айтыңыздаршы, қазақтың қасиетті бұл қылығын қалайша ұмытуға бо­ла­ды? Ұмыт қалдырсақ, ата-баба мұ­расы мен аманатына сөзсіз «қиянат» жа­сайтынымыз хақ. Аманатқа қиянат жасауды білмейтін, жылқы көрсе болды ат әбзелдерін реттейтін, одан қалса міндетті түрде ерттеп мінетін бір жігітті өз басым жақсы танимын. Есімі – Файзулла. Тегі – Ешниязов. Файзулла жастайынан жылқыға жақын жігіт. Бүгінде ол – кәсіпкер. Кәсіп таңдау барысында көп ойланбаған секілді. Бірден бала кезінен жақын болған хоббиін кәсіпке айналдырған. Иә, нақтысын айтайық. Дәл қазір оның құрылыс базары маңында ат әбзелдерін саудалайтын өз дүкені бар. Шіркін-ай, жылқы малына жаны құмар ағайын дүкеніне кірсе, шыққысы келмейтіні сөзсіз. «Дүкенде не бар?» емес, «Не жоқ?» деп сұрағандарыңыз жөн болар. Артық айтты демеңіз, онда төрт түлікке қатысты дүниелердің бәрі бар. Тіпті, жылқыға қалай жақындауды білмей жүрген жандарға бастапқы құрал ретінде белгілі журналист Бекен Қайратұлының «Қазақтың атбегілік өнері» атты кітабы да сатылымда тұр. Кәсіпкердің айтуынша, аталмыш көмекші құрал көптеген жандарға жылқы баптау кезінде дұрыс бағдар береді екен. Сонысымен де бұл кітап аса құнды болып есептеледі. «Біздің дүкенде төрт түлікке қатысты заттардың басым бөлігін табуға болады. Таппасаңыз, тапсырыспен әкеп беруге тырысамын. Ер-тұрман оның жабдықтары, жүген, таға және жіптің сан түрін таңдап алуға мүмкіндік бар. Бәйге мен көкпарға арналған арнайы формалар да бар. Бас киімнен бастап аяқ киімге дейін таңдау өз еркіңізде. Тіпті керек десеңіз, көкпар тобының атын да оюлап жазып береміз. Сондай-ақ, малдың қоңы мен сұр-сұлбасын келтіретін әр түрлі дәрумендерді де сатылымға қойғанбыз. Аллаға шүкір! Кәсібіміз ақырындап жүріп жатыр. Көптеген сатып алушылар «енді алысқа бармайтын болдық» деп алғысын айтып жатады. Айта кетейін, кейбір тұтынушыларымыз әлеуметтік желідегі «at_abzelderi_inzhu» парақшасынан өзіне керекті тауарын таңдап, арнайы келіп, сатып алып жатады» деп тауарлардың сапасына, оны даярлап беретін жандарға кеңінен тоқталды. «Біздің дүкендегі тауар­лардың басым бөлігі Шымкент, Алматы сынды ірі қалалардан келеді. Жергілікті шеберлердің де қолынан шыққан дүниелер бар. Жалпы өзім осы бағытқа айтарлықтай басымдық бе­ре­мін. Себебі, біріншіден, жер­гілікті шеберлердің жасаған бұйымдары қолжетімді бағада сатылады. Сәйкесінше, сапасы да жақсы. Екінші жағынан өз өнерпаздарымызды қолдағым келеді. Тұтынушыларымыз да осыған үйренген. Шебердің атын айтсам, ойланбастан сатып алып жатады. Шетелдік бұйымдарды іздеген жандарға да қызмет көрсете аламыз. Мәселен, дәл қазір біздің дүкенде польшалық тағалар сатылымда тұр. Тауар сапасы тіпті керемет. Алдағы уақытта кәсібімізді кеңейтуді, тауар санын да арттыруды көздеп отырмыз» деп жұмыс барысымен де таныстырды Файзулла.
Біз әңгіме соңында кейіпкерімізден «Дүкен не себептен «Інжу» деп аталады?» деп сұрап көрдік. Файзулла сәл жымиды да, біз жолдаған сауалға ойланбастан жауап берді. «Сенесіздер ме?! Осы сұрақ маған жиі қойылады. Бәлкім, қызық болар. Кім білсін! Көпшілік Інжу деген есімді жұбайымның немесе қызымның есімі деп ойлайды екен. Жоқ, олай емес. Ол анамның ныспысы. Әр адамның анаға деген құрметі шексіз емес пе?! Сол секілді, мен де өз анама деген құрметімді осылай білдіргім келді» деп жауапты қысқа қайырды.
Иә, біздің кейіпкеріміздің нағыз интеллигент, патриот екенін осы сөздерінен анық аңғаруға болады. Ата дәстүрдің түтінін түтетіп, отынын өшірмей жүрген осындай жас жігіттерге қос қолды соғып, тік тұра шапалақ ұрғың келеді. Біз Файзулланың бұл әрекетін Елбасымыз айтқан салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің нағыз белгісі деп бағаладық.

«Біздің дүкендегі тауар­лардың басым бөлігі Шымкент, Алматы сынды ірі қалалардан келеді. Жергілікті шеберлердің де қолынан шыққан дүниелер бар. Жалпы өзім осы бағытқа айтарлықтай басымдық бе­ре­мін. Себебі, біріншіден, жер­гілікті шеберлердің жасаған бұйымдары қолжетімді бағада сатылады. Сәйкесінше, сапасы да жақсы. Екінші жағынан өз өнерпаздарымызды қолдағым келеді. Тұтынушыларымыз да осыған үйренген. Шебердің атын айтсам, ойланбастан сатып алып жатады. Шетелдік бұйымдарды іздеген жандарға да қызмет көрсете аламыз. Мәселен, дәл қазір біздің дүкенде польшалық тағалар сатылымда тұр. Тауар сапасы тіпті керемет. Алдағы уақытта кәсібімізді кеңейтуді, тауар санын да арттыруды көздеп отырмыз» деп жұмыс барысымен де таныстырды Файзулла.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.