Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қыздар бір жылап алды»: Әміре бейтаныс арумен көзге түсті

0 274

Әміренің фанаттары тағы да желіні шулатты. Өнер иесін бірде Жанар Дугаловамен, бірде Индира Еділбаевамен жұптастырған жанкүйерлер енді әншіні өзге арумен бірге көріп, талқыға салды, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әміре бейтаныс арумен түскен суретін жариялап:

«Сенің жүзіңнен жаным көзімді алмаймын,
Мен саған лайықтымын ба деп ойлаймын», – деп романтикаға толы жазба қалдырды.

Мұны көрген нәзік жандылар жүректерінің жараланғанын айтты.

«Қыздар, тез арада парақшадан шығамыз», «Әміре ұнайтын қыздардың бәрі бір жылап алған шығар», «Жұптың исі шығады», «Меніңше, бұл интрига», «Бұл кім?», «Бақытты болыңыздар», – деп жазды олар.

Кей фанаттар үзіндінің әннен, ал кадрдың бейнебаяннан алынуы мүмкін екенін алға тартты. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.