Терапевт дәрігер тым ыстық сусын ішу денсаулыққа зиян екенін айтып берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агентігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Көп адам ыстық шай, кофе ішкенді ұнатады. Алайда бұл өңештің қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін. Себебі температурасы жоғары сусындар өңештің ішкі жасушаларын зақымдап, қатерлі ісікке айналатын шағын жарақаттар тудыруы мүмкін», – деді дәрігер.
Сусын ішер алдында оны біршама салқындату керек немесе салқын сүт қосуға болады.