Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ернар Айдар 1 жасар қызының тұсауын кесіп, той жасады (видео)

0 909

Әнші Ернар Айдардың шаңырағында қуаныш. Өнер иесі қызының 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ернардың Айым есімді қызы 2020 жылы дүниеге келген. Ол өнердегі ағасы Мейрамбек Бесбаев пен оның жары Мархабат Бесбаеваны қызына кіндік әке-шеше етіп сайлаған.

Осы орайда, Ернар қызының тұсауын өзінің кіндік анасы Мархабатқа кестірді. Желіде атаулы сәттің видеосы пайда болды.

Айта кетейік, Ернар Айдар 2017 жылы шаңырақ көтерді. Әншінің екі қызы өсіп келеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.