Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қырғыз депутаты балаларының қазақша сөйлеп кеткеніне ашулы

0 304

Қырғызстанның Жоғарғы кеңесінің депутаты Нұржігіт Қадырбеков қазақстандық «Балапан» телеарнасының кесірінен қыздарының қазақша сөйлейтініне шағымданғаны туралы ақпарат тарады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, мұндай келеңсіздікке қыздарының қазақ тілінде ақпарат тарататын «Балапан» телеарнасын күнделікті қарауы себеп болған. Нәтижесінде депутаттың балалары көрші мемлекеттің тілін жетік меңгеріп алған.

«Ал біздің «Баластан» арнасының жарты шығарылымы орыс тілінде. Балаларымыз мемлекеттік тілді жетік білуі үшін бұл арнаны толық қырғыз тіліне көшіру керек», – деді депутат.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.