Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғылымды дамыту – басты бағдар

0 1  392

Қай кезеңде де өркениеттің дамуында білім және ғылымның орны ерекше. Ілгері ұмтылып, көш бастаған елдер білім мен ғылымға ерекше көңіл бөлетіндігі бесенеден белгілі. Бүгінгі күні де ғылым мемлекеттік саясаттың басты бағытына айналып отыр. Ғылым дарынды ғалымдардың біріккен тобының күшімен дамиды. Қазіргі әлемдегі ғалымдар нағыз ғылымның бел ортасында өмір сүруде.

Республикадағы ғылыми саланың дамуында соңғы жылдар өзгерістерге толы болды. Мемлекет ғылымды қаржыландыруға баса назар аударуда. Ел болашағы үшін салынған бұл қаржы кейін еселеп пайдасын беріп, ғылымның бәсекеге қабылеттілігін арттыратыны сөзсіз. Сол себепті де Мемлекет басшысы ғылым саласын дамытуды мемлекеттің аса маңызды басымдығы ретінде атап өтті. Осыған байланысты Жолдауда ғылым саласындағы қордаланып қалған мәселелердің күрмеуін шешу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы да айтылды. Заңнамаға енгізілетін бұл өзгерістер ғылым саласының дамуына қолайлы жағдай қалыптастырып, ғалымдардың бастамашылдық танытуына дем беріп, ғылыми идеяларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерінің аясын кеңейте түсетіні хақ.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін енгізуді құзырлы министрлікке тапсыруы, биліктің ғылым саласындағы ілгерілемелі бағыт ұстанып отырғандығын көрсетіп отыр. Осы сөзіміздің қосымша дәлелі ретінде Мемлекет басшысының ғалымдарға бөлінетін грант мерзімін үш жылмен шектемей, қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастыруды құзырлы министрлікке тапсырғандығын айтқанымыз жөн. Ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімін ұзарту, бір жағынан, отандық ғалымдар жұмысының сапасына әсер етсе, екінші жағынан, ғалымдардың ауқымды жобаларға қатысуына жол ашатындығын болжау қиын емес. Бұл қазақстандық ғылымның дамуына тиімді әсер етері сөзсіз.

Арман ӘБІКЕЙ,
ғалым

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.