Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызмет жедел көрсетіледі

0 234

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде қағаз түрінде – 5, электронды түрде – 44 және мемлекеттік корпорация арқылы 11 қызмет ұсынылады.

2024 жылдың І тоқсанында қала бойынша ЖАО 16 958 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 9 837-сі электронды, 672 қағаз түрінде, 6 449-ы мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді. Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2 998 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бастартулардың негізгі себептері – қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Сондай-ақ мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
Сонымен қатар есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 252 түсіндірме іс-шара жүргізіліп, 600 мыңға жуық адам қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес, І тоқсанда әкімдіктің 1 бөлімінде, атап айтқанда, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 2024 жылдың 6-20 наурызы аралығында ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. 2024 жылдың І тоқсанында ЖАО-ның 3 қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

А.Алимбетова,
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.