Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Украинаға ай сайын 7 млрд доллар қаржылай көмек қажет» – Зеленский

0 500

Зеленский Ресей басқыншылығының салдарынан туындаған шығынды өтеп, экономиканы ұстап тұру үшін Украинаға ай сайын 7 млрд доллар қаражат қажет екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол 21 сәуір күні Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банк жетекшілерімен онлайн кездесу кезінде мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей күштері темір жол вокзалдары, азық-түлік, мұнай қоймалары тәрізді «өмір сүруге қажет негізгі нысандардың барлығын» жоюға тырысып жатыр.

Дүниежүзілік банк жетекшісі Дэвид Малпасс банк дерегіне сүйеніп, инфрақұрылым нысандары қираған Украина соғыстың экономикаға зардабын есепке алмағанда, 60 млрд доллар шығынға батты деп мәлімдеді.

«Соғыс әлі жүріп жатыр, шығын көлемі өсіп жатыр», – деді Малпасс.

Бұған дейін Украина Премьер-министрі Денис Шмыгаль, АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен кездесу кезінде Киевке жалақы мен зейнетақы қызмет төлемдерін өтеуіне мүмкіндік беру үшін АҚШ Украинаға 500 млн доллар қаржылай көмек бөлетінін айтты.

«Бұл Ресей басқыншылығы тұсында Украина Үкіметіне жұмыс істеуіне көмектеседі», – деді ол.

Ол Украинаның қаржылай көмекке зәру екенін алға тартып, Вашингтон Украинаға бұдан да көп қаражат қажет екенін жақсы түсініп отырғанын жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.