Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атадан мал қалғанша, тал қалсын!

0 301

   Дәстүрге  айналған сенбілік қаланың көркеюіне өзіндік үлес қосуда. Қаламызда Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облысы филиалы көпке үлгі болатын осындай игі істің бастамашысы болып жүр.

Қазақстан Халық партиясының орталық аппаратының тапсырмасына сәйкес, ҚР Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың 2022 жылы 16 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауын жергілікті тұрғындар арасында кеңінен насихаттау және қала көркін арттыру әрі жастарды еңбекке баулу мақсатында, «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ залы» маңында сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға  Партия белсенділері қатысып 60 тан аса ағаш егіп көне қаланы көркейтуге өз үлестерін қосты.Шаһардың шырайын асыратын шараға ҚХП Жамбыл облысы филиалының төрағасы Жанат Бастаубаева арнайы қатысты.

-Адамдар сапалы өмір сүру үшін таза ауа керек, сол ауаны сүзгіден өткізіп тазалайтын құрал – ағаш. Қаланың сәнін келтіріп, шуылды азайтатын, желді тосып, ықтасын болатын да осы өсімдік. Біз бұл жерге «Халық Аллеясы» деп ат қойдық. Жалпы бұл жер біздің бақылауымызда, сурау, тазалық жұмыстарын қадағалаймыз. Мен тұрғындарды қаламыздың қөркеюіне бірлікте ат салысуға шақырамын,- дейді Жанат Абдуалиқызы.

Таразды түрлендіру ортақ міндетіміз.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.