Қалалық қоғамдық-саяси газет

Цифрлық теңге қашан қолданысқа енгізіледі?

0 1  619

Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаның бірінші кезеңінің нәтижесін жариялады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жобаны Ұлттық банк қаржы нарығы, сарапшылар қауымдастығы және халықаралық серіктестермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырып отыр.

Цифрлық теңгемен сауда және аударым жасауға болады.

Оның технологиялық артықшылығы мынада:

Меншік құқығы токен алды: пайдаланушы цифрлық теңгені ұялы телефондағы (немесе басқа құрылғыдағы) цифрлы әмиянында токен түрінде сақтай алады, сол арқылы өз ақшасын толық бақылауда ұстайды.

Офлайн режимдегі төлемдер: цифрлық теңгені пайдаланатын адам сатушыда да, өзінде де интернеттің жоқтығына қарамастан, сауда жасай алады.

Құпиялық шарттарын реттеуге болады: транзакция мәліметтерін есеп айырысқан тараптардың бәрінен жасырып қоюға болады (пайдаланушының таңдауына қарай), солай бола тұра тиісті тексерулер жасауға болады.

Арнайы мақсаттағы токендер: цифрлық теңгені программалаудың арқасында токеннің құрылымында шығындарға шектеу қоюға болады және мақсатты пайдалануды оңай бақылауға болады.

Интеграцияның қарапайым түрі: цифрлық теңгенің инфрақұрылымы арқасында екінші деңгейлі банктер мен қаржылық-технологиялық компаниялар оны оңай қостырып, цифрлы қаражатты пайдаланудың жеке дара сценарийін жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Яғни, нарықтағы ескі компаниялар да, жаңа компаниялар да осындай мүмкіндікке ие болады.

Мамандар жобаны жүзеге асыруда Швеция, Сингапур, Канада, Еуроодақ, АҚШ, Швейцария, БАӘ-нің цифрлық валюта саласында тәжірибесін зерттеген.

2022 жылы шілде айына қарай, экономикалық және реттеу зерттеуінің қорытындысын, технологиялық параметрлердің бағасын, тұтынушылардың әрекетіне қатысты сандық және сапалық зерттеудің, дизайн-сессиялар мен сарапшылар талқылауының қорытындысын ескере отырып, цифрлық теңгені енгізуге қатысты шешім қабылдануы мүмкін.

Тәжірибе тиімді болса, 2022 жылдың соңына қарай цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылданбақ.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.