Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқтар Серіков: Әйелім өзімдікі ғана болғаннан кейін, «жаным» деп оңашада ғана айтамын

0 2  234

Бүгінде төрт ұл тәрбиелеп отырған Тоқтар мен Бейбіт «балаларыңыздың қайсысы әкесі мен анасының жолын қуады?» деген сауалға келгенде қиналып қалады екен. Себебі алдыңғы үш ұлы өнерге қызықпайды. Бір үміт үйдің кенжесінде. Бұл туралы Серіков Қазақстан ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алдыңғы үшеуі өнерге қызықпайды. Үлкеніміз – математик, жақсы оқиды. Қазір 8-сыныпта. Одан кейінгі егіздер де өнерге қызықпайды. Білімге, спортқа жақын. Төртінші, кішкентайымыз әнші болатын шығар. Тілі келсе де, келмесе де, таңнан кешке дейін менімен қосылып, ән айтады. Тілі енді шығып жүр», –  деп бөлісті Серіков.

Серіков әкенің қас-қабағына қарап өскенін айтады. Әкесін асқар таудай көріп, үлгі тұтқан ол өз ұлдарына да сол тәрбиені беруге тырысып жүр.

«Ұлдарымның бәрі бұрыш-бұрышқа тығылып, қашып кетеді. Мен соларға дауыс көтеріп, айғаламаймын, бірақ әкеден жасқанады.
Ұрыспайды емес, ұрысамын. Бірақ жүрегімнің ауырғанын көрсетпеймін», – деді ол.

Бұдан бөлек, Тоқтар жұбайын қалай еркелетінін айтты.

«Телефонымда Борби деп сақтаулы. Қыз кезінде байқамай Борби деп айтып қойып, сол күйі қалды. Телефон нөмірі өзгерсе де, аты өзгермейді.
Оңаша жерде «жаным» деп еркелететінім бар. Әйел – жеке бақытым, өзгеге тиесілі емес, өзімдікі ғана болғаннан кейін «жаным» деп айтатыным бар. Бірақ телефоныма жазып, олай жасамаймын», –  деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.