Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәуекел Мүсілім: Көп сұрақтың жауабын исламнан таптым, сондықтан дінге келдім

0 825

 Тәуекел Мүсілім дін жолына келгенін айтты. Актер дін мен өнердің қайшы келетін тұстары мен пайдалы жақтарын айтып өтті. Сұрақтардың жауабын исламнан таптым деген актер бұл жолға қалай келгенін түсіндірді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы актер Әсем Мерекеқызымен сұхбат барысында айтты.

Тәуекел Мүсілім өмірде өзін толғандырған көп жайттың жауабын исламнан тапқан. Актер ислам мен өнер жолының қайшылықтары барын жасырмайды. Дегенмен оның пайдалы тұстарын ұтымды пайдалану керек деп есептейді.

“Мен мектеп бітіріп, оқу орнына түскенде жақсы жігіттермен дос болдым. Жақсы ортам болды. Солай дінге келдім. Бірақ кейін өнерге келгенде, уақыт тапшы бола бастады. Өнерден бөлек уақыт таба алмадым. Солай ұмыт бола бастады. Бірақ Алланың қалауымен қайта дінге келдім. Ол үшін Аллаға сансыз шүкіршіліктер айтамын. Кез келген саналы адам өз өміріне есеп береді деп ойлаймын.

Абай атамыз айтады, әр адам күнделікті өміріне есеп беру керек деп. Мен көп сұрақтың жауабын исламнан іздедім. Өлім бар жерде сенім болу керек. Адам мәңгі емес. Бір күні бәрі өледі. Ол ақиқат. Исламда бәрі айтылған. Шетелдік ғалымдар адамзат тарихын зерттегенде Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз ең бірінші орынға шығады екен. Иса пайғамбардан да үздік шығады. Зерттеушілер мұсылмандар емес. Олар тәуелсіз адамдар. Сонда пайғамбардың өмірін, тәрбиесін, өсиетін, әкелік қырын, адамзаттық болмасын зерттей келе оның адамзат баласының үлгісі екенін көрсеткен. Мен пайғамбарды кумирім деп есептеймін”, – дейді актер.

Тәуекел өмірде сабырлы жан екенін алға тартты. Бұл әкесінен, анасының тәрбиесінен дарыған қасиет деп біледі.

“Мен тәртіпті бала болдым. Анам тәртіпті бол деп үйретті. Сондықтан дұрыс жолда жүрдім. Кейін де дінге келуіме, әкемнен дарыған тек пен анамның тәрбиесі себеп болған шығар. Сабырдың баласымын. Сол атқа лайық болуды дұрыс көрдім. Мен жаны нәзік адаммын. Ешкіммен ұрыса алмаймын. Біреуге қатты жеки алмаймын. Бастапқыда жай сөзбен түсіндіремін. Болмай жатса, басқа шара қолданамын. Інілерім теріс әрекет жасап жатса, солай үйретемін”, – дейді ол.

Актер қоластындағы қызметкерлерге бұйырып сөйлемейтінін айтып таңғалдырды.

“Менің шаштаразым болды. Бірақ мен ешқашан басшы болып, бұйыра сөйлей алмаймын. Менің жаным нәзік. Ол менің жұмысым емес. Оның үстіне карантин болды. Өзім жаным қалап, істемеген соң соңына дейін бармадық. Шаштаразды жаптық. Алдағы уақытта көре жатармыз. Адам баласы бірнәрсені жопарласа, соған ұмтылу керек. Одан нәтиже шықпаса да. Себебі, кейін өкініш болмайды”, – деді Мүсілім.

Актер өнер жолында дінге қарсы кедергілер болғанымен, оның өзін тиімді пайдалану керек деп санайды.

“Өнер жолында кейде кедергілер болады. Бірақ менің жанкүйерлерім, мені жақсы көретін інілерім үшін мен жақсы үлгі көрсетуім керек. Маған қарап бой түзейді. Сондықтан менен жақсы нәрсені үйренсе екен деймін”, – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.