Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев қорға ақша аударуға «асықпайтын» кәсіпкерлерге ескерту жасады

0 354

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық жасамаған олигополия өкілдеріне Үндеу жасады, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Президент қорға қаржы аударған кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, олар қайырымдылық көмекке мұқтаж қазақстандықтарға азаматтық жауапкершілік танытқанын атап өтті.

«Сонымен қатар, кейбір танымал бизнес өкілдері Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған қайырымдылық акциясына қатысуға асықпайды. Бұл сараңдық па, нигилизм бе, әлде немқұрайдылық па? Қалай болғанда да, бұл сұраққа толық жауап алу үшін мемлекеттің толық өкілеттігі бар», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерінің қайырымдылық жасау процесін реттейтін арнайы Жарлық шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.