Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев кәсіпке қысым жасаған құқық қорғаушыларға қатаң жаза тағайындалатынын мәлімдеді

0 271

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге қысым көрсеткен құқық қорғау органдарына қатысты қатаң жаза тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев бизнеске қатысты шектен шығу мен теріс әрекеттерді болдырмау керегін мәлімдеді. Әрі экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және заңсыз жолмен алынған мүлікті қайтаруға қарсы жұмыс басталғанын еске салды.

Сонымен қатар ол құрылған тиісті комиссиялардың белсенділігі соңғы уақытта төмендегінін де айтып өтті.

«Тауар нарығын монополиясыздандыруға және капиталды қайтаруға бағытталған шараларды неғұрлым жедел қабылдаған жөн. Сонымен қатар, адал бизнеске қатысты шектен шығу мен теріс әрекеттерді болдырмау қажет. Ал мұндай деректер бізде бар – кей жерлерде кәсіпкерлерге қысым көрсету жалғасып жатыр. Егер осылай жалғаса берсе, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қатаң шаралар қолданатын боламыз», – деді Тоқаев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.