Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев: Қазақстандықтарды қайта вакциналауға кірісу керек

0 164

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласына өтіп жатқан моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр – күн сайын отызға жуық адам көз жұмады. Бұған вакцинация қарқынының төмендеуі әсер етіп отыр. 9 ай ішінде халықтың шамамен 40%-ті қамтыды», – деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, көптеген ел халықты қайта вакцинациялауға кірісті.

«Біз вакцина салдыру науқанын наурызда бастағанымызды ескерсек, бізге де ревакцинация жасайтын уақыт келді. Үкімет пен әкімдер халықты қайта вакциналау науқанына кірісуі керек», – деді мемлекет басшысы.

Айта кетері, денсаулық сақтау министрлігі қарашаның үшінші онкүндігінен халықты ревакцинациялауды жоспарлап отыр. Қайта вакциналау кезінде адамдарға вакцинаның тек бір дозасы егіледі.

Спутник V вакцинасын салдырғандар 9 айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе Pfizer вакцинасын ала алады.

Ал, керісінше, Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in вакцинасы егілгендерге 6 айдан соң векторлық Спутник V немесе м-РНК-вакцина (Pfizer) салынады.

Pfizer салғызғандарға алты айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе векторлық Спутник вакцинасын қайта салу ұсынылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.