Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өткен жылы 35 590 жамбылдық тұрақты жұмысқа орналасты

0 121

 

2022 жылы Ұлттық жоба аясында Жамбыл облысында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49 500 адамды тарту жоспарланған десек, жоспар 152,7 пайызға орындалып, 75 565 адам қамтылған.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде айтылды. Басқосуда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, баяндама жасады.

Оның айтуынша, әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста 6,2 мың жұмыс орның ашу жоспарланған. Бүгінгі күнге облыста 15,4 мың жұмыс орны құрылған.

Негізі халықты жұмыспен қамту мәселелері 2022 жылдан бастап Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (ары қарай – Ұлттық жоба) аясында іске асырылуда.

– Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 33879 адам болса, есепті кезеңге 48944 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 144,5 пайызға орындалды. Сонымен қатар, 35590 адам тұрақты жұмысқа тұрған.

Ұлттық жоба  аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1168 адам жолданды, оның барлығы жұмысын аяқтап, 1100-і немесе 94,2 пайызы тұрақты жұмысқа тұрды.

2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 47584 адамды  қамту жоспарланып, оларға  барлығы  3,8  млрд.теңге  қаржы    қарастырылған. Ал, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 9219 отбасындағы  48298   адамға   төленді.  Өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда АӘК алушылар 2590 отбасы 12851 адамға немесе  21,3 пайызға төмендеген, көмек алушылар  облыс бойынша жалпы халықтың 4,0 пайызын  құрап отыр,-деді Еркін Келесов.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12284 бала қамтылды. АӘК алушылар қатарындағы еңбекке жарамды 10136 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Сондай-ақ, 2022 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 95,7 пайызды құраған. Порталда 23565 өтініш тіркеліп, 22548 өтініш қанағаттандырылды. Бұл республика бойынша алдыңғы 2-ші  көрсеткіш екенін атап өткен жөн.

Жиында бірқатар өзекті мәселелер де талқыланып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.