Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тіршілік нәрінен таршылық жоқ

0 512

Аудандағы 42 елді мекеннің 35-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Енді ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 3 елді мекен тіршілік нәрінің игілігін көрмек. Осылайша ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 90,5 пайызға жетеді.

Бүгінгі таңда Ерназар,  Жаңаөткел, Қызылшарық, Бектөбе  ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын бастауға республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Осы жобаларға құрылыс жұмыстарын бастауға аудандық бюджеттен әр қайсысына 2 млн. теңгеден бөлінді.  Сондай-ақ, Жұма, Өрнек ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысының құжаттары да әзірленуде. Оларды қаржыландыруға облыстық тиісті басқармаға ұсынылған. Құны – 1,7 млрд. теңге. 2025 жылға аталған жобалар іске асқан жағдайда  қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.