Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тірлігімен тамсантқан

0 248

Қаладағы «Жансая» мөлтек ауданында балаларға арналған шағын спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Толғанай АТАБАЙ
Суретті түсірген Юрий КИМ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында ашылған нысан Риода өткен жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның демеушілігімен салынды. Ел мерейін асырған спортшы өзі тұрған аталмыш мөлтек ауданға қалта қаражатынан құны 4 миллион теңгені құрайтын шағын футбол және баскетбол алаңшасын жасақтап, ауладағы балалар әткеншегін де қайта жөндеуден өткізген.
– Аумақ тұрғындарымен көрші тұрған соң, тұрғындар аула балаларына спорт алаңшасы қажеттілігін айтты. Балалар бұған дейін ролик, велосипед теуіп жүрген болатын. Дене жаттығуымен айналысу олар үшін маңызды. Сондықтан осындай алаңшаны балғындар игілігіне салып беруді жөн көрдім, – деген Зульфия Раухатқызы аула балаларына бірнеше аладопты сыйға ұсынды.
Нысанның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай қатысып, тұрғындар тарапынан спортшыға ризашылығын айтып, «Туған жер» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің демеушілігімен облыс орталығында көптеген нысандар ашылғандығын атап өтті.
Пайдалануға берілген алаңша Жастар жылына үлкен тарту болып отыр. Салтанатты жиынға келгендердің барлығы шағын спорт алаңшасынан қала, облыс, республиканың атын аспандататын спортшылар шығатынына үмітті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.