Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тимур Құлыбаев тағы да ресейлік «Газпромның» директорлар кеңесіне сайланбақ

0 428

Тимур Құлыбаев тағы да ресейлік «Газпромның» директорлар кеңесіне сайлануы мүмкін, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол үш тәуелсіз директордың қатарына осы лауазымға үміткерлер тізіміне енді.

Тимур Құлыбаев Алматыдағы трагедиядан кейін  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кеткенімен, Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметін сақтап қалды. Ол Kazenergy басшысы ретінде Газпромның директорлар кеңесіне үміткерлер тізіміне енген.

Құлыбаевтан басқа компанияның тағы екі тәуелсіз директоры – Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Мартынов және РАНЭПА ректоры Владимир Мау.

Тимур Құлыбаев алғаш рет «Газпром» директорлар кеңесіне 2011 жылы кірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.