Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тілсіз жаудың алдын алу

0 444

Жуырда Шу қаласының теміржол вокзалында түнгі мезгілдегі өрт-тактикалық сабағы өтті.

Шараны өткізуге облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Шу қаласы №5 өрт сөндіру бөлімі мен Төле би ауылының №19 өрт сөндіру бекетінің 10 адамнан құралған жеке құрамы мен 3 бірлік техникасы қатысты. Сонымен қатар сабаққа полицияның желілік бөлімінен 5, жедел жәрдем қызметінен 2 адам, сондай-ақ вокзал қызметкерлері жұмылдырылды.
Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат – адамдар көп шоғырланған нысандардағы өрттерді сөндіру кезінде жеке құрамның тәжірибелік дағдыларын жетілдіру және тілсіз жауға жол бермеу.
Жалпы қорытындылар болсақ, бөлімшелер алдына қойған міндеттерді сәтті орындап шықты. Сабақ нәтижесінде шартты өрт жойылды. Шараның соңында ескертулер мен кемшіліктерді ашып көрсете отырып, талдау жүргізілді.

Дариха Үмбетиярова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.