Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бөлімге жаңа басшы тағайындалды

0 579

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынас- тары бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып Тукебаев Асанали Абдимуталипович тағайындалды.

Асанали Абдимуталипович 1977 жылы 14 тамызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қарағанды жоғары мектебіне түсіп, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң иститутының «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің 3-полиция бөлімі қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі (Оперуполномоченный) болып бастаған.
2004-2009 жылдары Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің 4-полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары Тараз қаласы ішкі істер басқармасының 4-полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, 2011-2015 жылдары Жамбыл облысы Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың 25 қарашасынан бастап Тараз қаласы әкімінің №393-ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.