Қалалық қоғамдық-саяси газет

Теміржол – қауіпті аймақ

0 394

Жуырда Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында, теміржол және әуе көлігі объектілерінде тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында Жамбыл дабыл беру және байланыс дистанциясының қоғамдық көмекшілері А.Нұраханов, З.Узбеков және Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің еріктілері Н.Рахманбеков, А.Бейбіттің қатысуымен, «Талас-Бұрыл» станцияларында халықпен және теміржол қызметкерлерімен жиын өткізілді.

Сонымен қатар шұғыл тежеу жағдайларын көпшілік талдай отырып, пойыздардың жоспарлы емес тоқтауының себебі – үй жануарлары мен белгіленбеген орындарда адамдардың жаппай өтуі. Осыған орай Тараз станциясының қызмет көрсету учаскесінде пойыздардың адамды басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балалардың теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту, жасөспірімдер қылмыстарына жол бермеу, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз болуын анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алуы, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу, теміржолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Лаура Копбаева,
Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің
аға инспекторы, полиция майоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.