Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тазалық – жалпыға ортақ»

0 143

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде, оның ішінде Шу қаласында жүйелі түрде жұмыстар жасалынып жатыр. «Жасыл ел» еңбек жасағы «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болары сөзсіз. Акция елді мекендер аумағын қоқыстан тазартуға бағытталған. Негізінен акция бірреттік емес, тұрақты және жалпыұлттық түрде өтіп тұрмақ.

Ағымдағы жылдың 10 шілде күні Шу қаласы Теміржолшылыр саябағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға 60 адам қатысты. Саябақтағы арам шөптерді жұлып, талдарды әктеу және ойын алаңшаларын сырлау жұмыстарын жүргізді.Айта кетейік,саябақта күнделікті жүзден аса адам серуендейді.

Шу қаласы әкімінің орынбасары Жандос Аймамбет өз сөзінде,әр апта сайын тазалық жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізілетінін тілге тиек етті. Бүгінгі таңға дейін жалпы 2850 мыңнан астам өңір тұрғындары, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар белсене атсалысты, оның ішінде 130 еріктілер және 95 кәсіпорындар мен мекемелер қатысқандығын әкім орынбасары жеткізді.

Осы науқан аясында 12 тарихи-мәдени ескерткіш, 90,0 мың м2 құрайтын саябақ пен сквер аумағы, 80 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 140 мың шаршы метр көшелер тазартылып, 230 тонна қоқыс шығарылды, 2000 түп көшеттер отырғызылып, 3 су бұрқақтары іске қосылды. Бұл жұмыстарға жалпы 27 бірлік техника жұмылдырылды.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өңірде одан әрі сапалы және кең көлемде жүзеге асырылатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.