Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық сақтамаған тұрғындарға жаза қатаң

0 199

Тазалық таза ұстаған жерде ғана орнайды. Дегенмен ортақ мекен – шаһар тазалығына салғырт қарайтын тұрғындар әлі де кездеседі. Тіпті қаланың шет аумақтарында ғана емес, орталықтың өзінде де тазалық талабын бұзатындар азаймай тұр. Ал оларды тәртіпке шақыру үшін қадағаны күшейту қажет.

Осы мақсатпен шаһар аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орындарға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтыр 1 392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған. Ал биылғы ақпан мен наурыз аралығында тазалыққа салғырт қараған 259 тұрғын анықталды. Оның ішінде 204 үй иесіне ескерту берілсе, 42 адам айыппұл арқалады.
Ал сәуір айының небәрі 15 күнінің ішінде аула тазалығына нұқсан келтірген 104 тұрғын анықталды. Оның ішінде 86 адамға ескерту берілсе, 16 тұрғынға айыппұл салынды. Сонымен қатар сәуір айының 15-інен мамырдың 1-іне дейінгі аралықта тазалық сақтамаған 134 үй иесі анықталып, оның ішінде 110 үйге ескерту берілді. 24 үй иесіне айыппұл салынды.
Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.