Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таза Қазақстан – таза қоғам

0 325

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мойынқұмдықтар бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш айналасына  сенбілік жүргізді. Сенбілік кезінде ескерткішті сырлау жұмыстарын, сондай-ақ айналасындағы ағаштардың түбін әктеу мен абаттандыру және шөптерін шауып, өртеу жұмыстарын жүргізді.

Ескерткіш айналасын абаттандыру жұмыстарына ауыл тұрғындары, жас спортшылар мен белсенді жастар бір кісідей жұмылып, қарқынды жұмыс жүргізді.

«Сенбілік барысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында үнемі сенбілікке шығып, өз ауылымыздың тазалығына сақтау мақсатында белсенді атсалысып тұрамыз. Аталған акцияны ауыл жастары өте дұрыс деп есептейміз, ауыл халқы да түгелдей өз аулаларын тазалап, ауылымыз біршама көркейіп қалды», – дейді ауданның белсенді жастарының бірі Айдана Несіпбай акция жайлы.

Жалпы тазалық жұмыстары көлемі 1 гектар алқапты жүргізіліп, ауланы тазалау, 15 ағаш және 10 бағана әктеліп, ескерткіш сырланды.

Дастан Аманқұлов,
Мойынқұм ауданы ішкі саясат бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.