Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таза Қазақстан – таза өлке

0 300

8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Оның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай бүгін Шу ауданында барлық ауылдық аймақтарда тазалық жұмыстары жалғасын табуда.
Игі бастамаға барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері,қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсене қатысты.
Ауылдық аймақтардағы қоқыс полигондары кезең-кезеңмен тазалануда. 2 техника жұмылдырылған (Бульдо́зер). Ауданымызда жалпы саны 6 техника өз жұмысын жасауда.
Өңірде бүгінгі таңға дейін 150-ге жуық тал көшеттері отырғызылды. Уақытылы күтім жасалынуда. Екі айлық аяқталғанша 1500 мың түп саялы ағаш егілу жоспарлануда.Тазалық жұмыстары Шу қаласы Теміржолшылар саябағында өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.