Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тау тұлғаға тағзым

0 439

Халқы «Димаш» деп еркелеткен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қазақ тарихында алар орны ерекше.

Ол өзі басшылық қызмет атқарған 40 жылдан астам уақытта еліміздің экономикасы мен руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірді. Сол тұста 40-тан астам қала бой көтеріп, халқымыздың тұрмысы түзеліп, әлеуеті артты. Басшылықтан кеткеннен кейін де қоғамдық жұмыстан қол үзбей, халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Тәуелсіздік жылдары тау тұлғаның есімін ұлықтау мақсатында көптеген ілкімді істер қолға алынды. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласына Дінмұхамед Ахметұлының есімі берілді.
Алаш ардақтысының туғанына 111 жыл толуына орай облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков бастаған әулиеаталықтар тау тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Өзін сүйген жұрты барда Дінмұхамед Қонаевтың есімі ұмытылмақ емес.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.