Қалалық қоғамдық-саяси газет

Татулықты ту еткен Достық үйі

0 291

Сан ұлт пен ұлыстың басын бір шаңырақтың астында топтастырып, бірліктің бесігінде тербелген еліміз өзгелерге үлгі болып келеді. Соның жарқын көрінісі – 2016 жылы пайдалануға берілген Тараздағы тәуелсіздік туындысы Достық үйі.

Аталған нысан облыстағы этнос өкілдерін бір ортаға біріктірген киелі шаңырақ болып саналады. Сәулетті ғимаратты салуға мемлекет қазынасынан 1 миллиард 277 миллион теңге бөлініп, мақсатты игерілген.
Бүгінгі таңда мұнда облыс Ассамблеясының құрамындағы 175 Қоғамдық келісім кеңесі, 27 Аналар кеңесі, 12 медиация кабинеті, 12 Ақсақалдар кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы, ғылыми-сараптамалық топ, қолөнер шеберлерінің клубы және «Ақ желкен» жастар лигасы жұмыс істейді. Сондай-ақ мұндағы 240 орындық мәжіліс залы, пікірлесуге арналған дөңгелек үстел алаңы, 100 адамға шақталған конференц-зал, ғылыми-әдістемелік бөлмелер, хореографиялық зал өңірдегі игі шараларды өткізуде, Елбасы саясатын насихаттауда оң нәтиже көрсетіп келеді.
Облысымызда тату-тәтті күн кешіп жүрген өзге ұлт өкілдері «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінен бой көтерген Достық үйі шаңырағында тәуелсіз Қазақстанның өркендеп, дамуына үлес қосуда.

Құрмаш Қаптағай 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.