Қалалық қоғамдық-саяси газет

Татарстанда ұшақ апатқа ұшырады: қаза болғандар бар

0 90

Татарстанның Мензелинск қаласында ұшақ апатқа ұшырады, бортта 23 адам болған, – деп хабарлайды РИА Новости.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарына қарағанда, 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі бар L-410 ұшағы Татарстанның Мензелинск қаласында апатқа ұшырады. Ақпарат көзінің мәліметінше, ұшақ Мензелинск қону алаңынан (Татарстан) көтерілгеннен кейін құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 адам қаза болды, жетеуі ауруханаға жатқызылды. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен жеті адамның бірінің жағдайы ауыр екенін айтты.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Мензелинск қаласының маңында қону алаңынан ұшқаннан кейін L-410 ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшқыштар қаза тапты. Жолаушыларды шығарып, эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді ақпарат көзі.

«Бортта 23 адам болды (оның ішінде экипаждың екі мүшесі). Апат болған жер анықталды, үш адам жедел медициналық көмек ауруханасына жіберілді, қалғандарына жету қиын, бұғаттан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп қосты агенттік дереккөзі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.