Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздық зиялы қауым өкілдері сенбілікке қатысты

0 183

Бүгін «Бірге Таза Қазақстан» акциясы аясында Тараз қаласында көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық акциясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері және қоғам белсенділерімен бірге Төле би көшесі Тәуке хан көпірінен бастап Президент саябағына дейін шырша, қарағай, шынар сынды көпжылдық ағаш отырғызды.

Сонымен қатар осы күні Тараз өңірлік университеті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері, ерікті жастар да сенбіліктен шет қалмай, қала аумағын күл-қоқыстан тазалады.

Жалпы бүгінгі тазалық шарасы барысында Төле би көшесі, Тәуке хан көпірінен бастап Президент саябағына дейін және аталған саябақ аумағында 5 дана көк шырша, 7 дана жасыл шырша, 50 дана Қырым қарағайы, 120 шынар және 6 туя ағашы егілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.