Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздың жасыл желегі 7 мың тал-дарақпен толықты

0 786

   «Менің қалам – менің аулам!» акциясы аясында қала аумағында 7000-нан аса көшет отырғызылды. Шара мақсаты – Тараздың жасыл желегін жайқалту. Игі іске қала тұрғындары, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, мұғалімдер мен еріктілер атсалысты. Олар үй іргелеріне, аулаларға, сондай-ақ көше бойына көшет отырғызып, қаланың гүлденуіне өз үлестерін қосты,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, табиғат жанашырлары “Жеңіс” саябағына 100 түп тал ексе, Әл-Фараби көшесінің бойына, №1 көпбейінді аурухана аумағы мен «Астана» мөлтек ауданына 300 тал отырғызды. Сондай-ақ, игі шара барысында 15 ш.а. көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында, Асқаров көшесінің бойында, онкологиялық аурухана аумағында 700 көшет тамырын жайды. «Есенин» скверіне, Сүлейменов көшесі бойына, «Төңкөріс», «Телеорталық» тұрғын алқаптарына, Абай даңғылының бойына 300 дарақ егілді. Сонымен қатар, «Барысхан» т.а., Құрманбетов, Қызылқайнар, Қуанышбаев, Алматы көшелерінің тұрғындары 300 тал отырғызды. «Әулие бұлақ» аумағына, «Қарасу» мөлтек ауданына да 300 көшет егілді. Әйтеке би, Қазыбек би көшелеріндегі тұрғын үйлердің аумағы 300 жас дарақпен толықты. Байзақ батыр, Сағындықов, Желтоқсан көшесіндегі бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында 300 көшет тамырын жайды. «Қарасу-2» каналының бойы мен «Самал» мөлтек ауданында 200 тал отырғызылса, «Бәйтерек» м.а. мен №3 лицей мектеп аумағына 500 көшет егілді. Ал, «Арай-2» м.а., «Арай» алқабы бойына 500 дарақ отырғызылды. Сондай-ақ, шара барысында қаланың шет аймақтары да назардан тыс қалмады. Тұрғындары «Шалғай Қарасу» аумағына 100 тал ексе, «Көлтоған» шағын ауданына 600 дарақ отырғызды. «Бәйтерек» м.а. дренажды каналының бойына 1500 түп тал егілсе, «Көктем» тұрғын алқабы, «Тайвань» аумағы бойында 1000 көшет тамырын жайды. Сондай-ақ, акция аясында «Түйте» каналының бойына 500 тал отырғызылды.

Шаһар келбетін көркейтуге атсалысқан әрбір азаматқа алғысымызды білдіреміз!  Қаланың жасыл белдеуін жасау жолындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.