Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздық оқушы республикалық «Шәкәрім оқуларының» жеңімпазы атанды

0 393
Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай Астанада Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы өтті. Жарыстың демеушісі «Адал-ас» компаниясы болды.
Байқауға Тараз қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің тұрақты оқырманы, жерлесіміз, 6-сынып оқушысы Айханым Қайрат та қатысты. Айханым ақын шығармаларын мүдірмей мәнерлеп оқып, қазылар алқасының барлық сұрағына дұрыс жауап берді. Осылайша Айханым Қайрат байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.
Айханымды байқауға дайындаған тәлімгері №6 қалалық кітапхананың меңгерушісі Әйгерім Бекпатшаева «Қазақстанның білім беру ісінің қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.