Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 10 жаңа автобус пайдалануға берілді

0 563

 

Бүгін Тараз қаласына «Smart City Servise» ЖШС-гі тарапынан қосымша 10 бірлік 2022 жылы шығарылған «Golden Dragon» маркалы автобустар пайдалануға берілді.  Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қоғамдық көліктердің жағдайымен танысты.

– Облыс орталығында автобустардың тапшылығы туындап отыр. Бұл тұрғындардың тарапынан жиі көтерілетін өзекті мәселелердің бірі. Осыны шешу мақсатында биыл жыл соңына дейін 70 автобусты ел игілігіне ұсынуды жоспарлап отырмыз. Өткен айда 23 жаңа қоғамдық көлік әкелінсе, бүгін міне 10 автобус пайдалануға берілді.  Бұл бағыттағы ілкімді істер әрі қарай да өз жалғасын табады. Біз әрдайым халықтың жоғары сұранысына ие, жұртшылыққа сапалы қызмет көрсететін тасымалдаушы серіктестікпен тығыз жұмыс істейміз. Бұл – бүгінгі нарықтың талабы, – деген шаһар басшысы автобус жүргізушілерінің мәдениетін жақсартып, олардың еңбекақысын арттыру қажеттігін де жеткізді.

Жалпы сыйымдылығы 90 адамға арналған  автобустардың 4 бірлігі қазіргі №9 маршрут бағытына беріліп, «Шаңырақ» алқабына қызмет көрсететін болады.

Еске сала кетейік аталған бағыт «Талас» ауылынан бастап Саңырақ батыр көшесіне дейін жүру жиілігі 10 минуттан қатынаған еді. Енді көптеген тұрғындардың сұранысына байланысты ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап «Көктем» алқабы арқылы «Арай» алқабындағы Бәйдібек баба көшесіне дейін бағыты ұзартылды.  Сонымен қатар, бағыттың таңғы, түскіжәне кешкі 1 реттік рейстері «Шаңырақ» алқабына дейін созылған. Бұған қоса алқап тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында 1 маусымнан бастап 14 кестемен жүру жиілігі 11 минуттан қызмет көрсетеді. Бағыт ұзақтығы 30,8 шақырым.

Ал қалғам 6 қоғамдық көлік пандемияға дейін тоқтап қалған №56 маршрут бағытын қайта іске жандандырады. Аталған бағыт  №13 «Бәйтерек» ықшам ауданынан бастау алып, Айша бибі, Тәуке хан, Б.Момышұлы, Сейфуллин, Лермонтов, Ташкентская көшелері арқылы Абай және Төле би даңғылдарын қамтумен «Ауыл береке» базарына жүру жиілігі 15 минуттан жүреді. Бағыттың ұзақтығы 17,4 шақырым. Ал қызмет көрсету мерзімі таңғы сағат 06:45-тен кешкі сағат 22:00-ге дейін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.