Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

0 135

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жамбылдық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен қала тұрғындары саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алды.

Еске алу шарасына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қатысып, тағзым етті.

Тараз қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі осы зұлмат заманда жапа шеккен жандардың құрметіне қойылған ескерткіштің маңында өтті. Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, ашаршылық тақырыбын кеңінен зерттеу ісі де қолға алынған.

Зұлмат жылдардың құрбандарын әрқашан есте сақтап, рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.