Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда заңсыз сауда дүңгіршектері алынуда

0 823

Қала аумағындағы жабайы сауда орындарын ретке келтіру мақсатында Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №63-ө өкіміне сәйкес, жұмыс тобы құрылған болатын. Жоғарыда аталған өкім негізінде жұмысшы топ мүшелерімен Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов көшелері, «Мыңбұлақ» және «Алатау» шағын ауданы және тағы басқа жерлерде заңсыз орналасқан дүңгіршектер мен жабайы сауда орындарына зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Нәтижесінде бөлім мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе, жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс жерлерде сауда жасайтын кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша 15 ескерту жасап, 5 заңсыз дүңгіршек алып тасталынды. Сонымен қатар, аталған саудагерлерге бөлім тарапынан қаладағы бос сауда орындары бар «Ауыл Береке», «Grand Bazaar» және «Орталық базар»-ларына көшуге ұсыныс айтылды.

Бұған қоса базар басшылары мен сауда жасайтын кәсіпкерлермен сауда орындарын ретке келтіру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз сауда жасаған азаматтарға ескертулер берілуде.

Тараз қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, 11 айдың көлемінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша 1 316 тұлғаға хаттама толтырылып, оның ішінде 1 292 тұлғаға ескерту жасалып, 24 тұлғаға 465 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.