Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды

0 540
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарды «Алтын» және «Күміс» алқаларымен наградтау рәсімі өтті.
Жиында әуелі шаһар басшысы сөз алып, аналарға ақжарма тілегін жеткізді.
– Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше екпін түсіріліп, барынша назар аударылды. Соның арқасында халық саны бүгінде 20 миллионға жетіп, демографиялық дамуға қол жеткізіп келеміз.
Тараз қаласының тұрғындарының саны да артып, 430 мыңға жуықтады. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйел адамзатының орны биік екенін айғақтайды.
Елімізде көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болған емес. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір көрінісі, – деген Бақытжан Әмірбекұлы аналарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2 753 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 2 516 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.
Былтырдың өзінде 42 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 166 анаға «Күміс алқа» табысталды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.